Антигуа және Барбуда жағалауында 6,5 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Антигуа және Барбуда жағалауында 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа–Теңізорта сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп Белта жазды.

Антигуа және Барбуда жағалауында 6,5 магнитудалы жер сілкінісі болды
Фото: Freeepik

Олардың мәліметі бойынша, эпицентр елдің астанасы Сент-Джонс қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1826 км қашықтықта орналасқан. Бұл қалада шамамен 24,2 мың адам тұрады. Жер сілкінісінің очагы 10 км тереңдікте болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе зақымданған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Цунами қаупі жарияланбады.

Бұған дейін Чили жағалауында 6,5 балдық жер сілкінісі болғанын жазған едік.