17:40, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
АӨІСШК аясында практикалық өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨІСШК) атқарушы директоры Дулат Бақышев қаңтардың 8-і мен 14-і аралығында Иорданияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Иранда жұмыс сапарымен болды.
Мақсат ? АӨІСШК аясында практикалық өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылау, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Атқарушы директордың Иордания сыртқы істер министрінің орынбасары М. Т. әл-Каулдимен және Біріккен Араб Әмірліктері сыртқы істер бойынша Мемлекеттік министрі Әнуар Гаргашпен кездесуі кезінде сұхбаттасушылар АӨІСШК аясында ағымдағы қызметті және алдағы іс-шараларды талқылады. Кеңес жұмысында осы жаңа екі мүше-мемлекет рөлінің мәселелері қаралды. Иордания мен Біріккен Араб Әмірліктері 2008 жылы АӨІСШК қатысушы-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің Үшінші кездесуінде толық құқылы мүше мәртебесін алды.Тегранда АӨІСШК атқарушы директоры Иран сыртқы істер министрі М. Моттакиге ізеттілік сапарын жасады. Кездесу барысында Иран тарапы Кеңес аясында сенім іс-шараларын іске асыруға белсенді қатысуды жалғастыруға деген өз ниетін қуаттады. Үйлестіруші ел болып табылатын Иран таяу уақытта заңсыз есірткі айналымымен қарсы күрес саласында іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және ұлттық төтенше жағдайларды басқару үшін АӨІСШК сарапшыларымен кездесу өткізуді жоспарлаған. Иран тарапы, сонымен қатар энергетикалық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылға белсенді қатысуға және қауіпсіз және тиімді көліктік дәлізді дамытуға белсенді түрде қатысуға мүдделілігін білдірді.