Апелляциялық сот «Дикий Арманның» үкімін өзгеріссіз қалдырды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда апелляциялық сот «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің шағымын қарастырды.

Дикий Арман
Видеодан алынған скрин

Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот отырысы жабық режимде өтті. Бұл туралы Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтты.

2023 жылы қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталды.

2025 жылдың қаңтар айында сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар