Апта ішінде «ізі суымай» 2 мыңнан астам қылмыстың беті ашылды - ҚР ІІМ

  АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Апта ішінде 5 325 қылмыс тіркелді, оның 2 375-і «ізі суымай» ашылды.
None
None

ҚР ІІМ мәліметіне қарағанда, бұрын жасалған 672, оның ішінде өткен жылдардағы 26 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 88 қылмыскер іздестіріліп, табылды. 14 бірлік қару тәркіленді. 29 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 11 -  сату фактісі. 186 келі есірткі заттары тәркіленді.  

Соңғы жаңалықтар