Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Aqerke: Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 31 шілдеде Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің YouTube арнасында қазақтың халық әні Aqerke шығармасының заманауи нұсқасын көпшілікке ұсынды, – деп жазды dimashnews.com.

в
Фото: видеодан алынған скрин

Бұл туынды ұзақ жылдар бойы халық әншілерінің орындауында домбыраның сүйемелдеуімен шырқалып келген. Әнді кеңінен танытқан ең көрнекті орындаушылардың бірі – ХХ ғасырдағы көрнекті қазақ әншісі әрі композиторы Ғарифолла Құрманғалиев.

Музыкалық продюсер ретінде Димаш музыкант Ренат Аубакиров және саунд-продюсер Ерлан Бекчуринмен бірлесіп, әнді жаңаша өңдеп, өз көзқарасын ұсынды. Музыканттар шығарманың дәстүрлі болмысын ұқыптылықпен сақтай отырып, оны заманауи музыкалық шешімдермен толықтыра білді.

Әннің жаңа нұсқасында Димаштың дауысы ғана емес, сонымен қатар Ғарифолла Құрманғалиевтің тарихи мұрағаттық жазбаларынан алынған үзінділер де естіледі, соның арқасында өткен мен бүгіннің арасындағы өзіндік музыкалық үндестік қалыптасты.

Aqerke әніне түсірілген бейнебаян Алматы қаласында және әншінің туған жері – Ақтөбеде түсірілді. Түсірілім жұмыстары жерде, суда және әуеде жүргізіліп, түрлі табиғи көріністерді бір туындыға тоғыстырды.

Түсірілім жұмыстарына 130 адамнан тұратын үлкен шығармашылық топ қатысты. Сонымен қатар Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Димаштың 10 мыңға жуық жерлесі жиналып, әнге арналған әсерлі бейнебаянның түсіріліміне қатысты.

Димаш Құдайберген Ақтөбенің орталық стадионында бейнебаян түсіріп жатқанын жазған едік.

Ақтөбеге келген шетелдіктер ел мақтанышы Димаш Құдайбергеннің туып-өскен үйіне, мектебі мен колледжіне барады. Сонымен бірге Ақтолағай борлы тауларын көреді. Kazinform Ақтөбенің үздік турмаршруттарын тізбектеді.