Араб елдері СІМ басшылары Газадағы ахуалды талқылау үшін Ресейге барды

Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан әл-Сауд бастаған ислам және араб елдері СІМ басшылары Таяу Шығыстағы ахуалды талқылау үшін Ресейге сапарлады. Бұл туралы Сауд Арабиясы сыртқысаясат ведомствосының X (Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми аккуантында мәлім етілді, деп хабарлайды Кazinform.

араб елдері
Фото: twitter.com/KSAmofaEN

Делегация РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Газада атысты тоқтату және Таяу Шығыстағы ахуал мәселелерін талқылайды.

араб елдері
Фото: twitter.com/KSAmofaEN

Бұған дейін Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан әл-Сауд Араб-Ислам саммитін ұйымдастыруға жауапты комитет жұмысын бастағанын мәлім еткен еді. Комитетке Газада атысты тоқтату бойынша іс-қимылдарды әзірлеу жүктеліп отыр. Осы мақсатта Араб және ислам елдерінің сыртқы істер министрлері Қытайға, кейін басқа да елдерге баратыны айтылды.

Кейін Араб және ислам елдерінің сыртқы істер министрлері Қытайда аталған елдің СІМ басшысы Ван Имен палестина-израиль қақтығысын талқылағаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар