Арал ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылорда облысының Арал ауданында прокуратура органдары арқылы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 25 орындық жаңа жұқпалы аурулар бөлімшесі пайдалануға берілді.

Елордада 11 медициналық мекеме салынады
Фото: Астана әкімдігі

Қызылорда облыстық прокуратурасы бапасөз қызметінің хаюарлауынша, жаңа медициналық нысан аудан тұрғындарына уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсету үшін салынды.

Бұған дейін тұрғындар мұндай медициналық көмекті шектеулі жағдайда алуға мәжбүр болған.

Аталған бөлімшенің іске қосылуы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, аудан халқының денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

- Медициналық нысанның ашылу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сала мамандары мен қоғам өкілдері қатысты, - делінген хабарламада.

Нысанның салынуы мен мемлекетке қайтарылған активтердің мақсатты әрі тиімді жұмсалуы прокуратура органдарының бақылауында.

Осыған дейін елде заңсыз шығарылған активтерді қайтару тетігі күшейтілгені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар