Арал ауданында мектеп құрылысына тартылған Өзбекстанның 10 азаматы соттың шешімімен елден аластатылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Рейдтік тексеру кезінде Қызылорда облысы Арал ауданы Тоқабай елді мекенінде бой көтеріп жатқан 140 орындық мектеп құрылысына заңсыз тартылған Өзбекстанның 10 азаматы анықталды.
None
None

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Арал аудандық прокуратурасы «Халықтың көші-қон туралы» Заң талаптарының сақталуына бірлескен рейдтік тексеруді аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясымен бірлесіп өткізді.
Өзбекстан азаматтарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Сот олардың Қазақстанда болуын заңсыз деп танып, әкімшілік жолмен елден шығару жөнінде қаулы қабылдады.
Сондай-ақ Арал ауданының прокуратурасы аудан аумағында заңсыз жүрген өзбекстандық тағы 4 азаматты ұстады. Тексеру барысында Қосаман ауылдық округінде Е.Тураев, Н.Анроров, А.Хасанов және А.Шоназаров есімді Өзбекстан азаматтары елімізде болу қағидаларын бұзып, ешбір құжатсыз жүргені анықталды.
Аудандық ішкі істер бөлімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 394-бабы 1-бөлігімен іс қозғап, аталған төрт тұлғаға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Соңғы жаңалықтар