12:03, 02 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Арал ауданындағы Ескіұра елді мекенінде емдеу орны ашылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Арал ауданының Ескіұра елді мекенінен алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы пайдалануға берілді.
Жетес би ауылдық округіне қарасты ауылдың тұрғындарын қуанышқа бөлегендер - аудандағы «Жолаушы-сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрыш қолды құрылысшылары. Бұл мақсат үшін облыстық бюджеттен бөлінген 8 млн. 82 мың теңге толық игерілді.