Арал өңірі күріш зерттеу институтына биыл жаңа сорттар дайындау үшін 75 млн. теңге қаржы бөлінді

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Биыл Қызылорда облысында бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды - облыстық бюджет республикалық ғылыми-зерттеу ғылыми орталығына 75 млн. теңге қаржы бөлді. Бұған қоса тағы 25 млн. теңгеге мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

Арал өңірі күріш зерттеу институтына биыл жаңа сорттар дайындау үшін 75 млн. теңге қаржы бөлінді

Мұның бәрі Арал өңірі күріш зерттеу-ғылыми институтына күріштің жаңа мықты тұқымдарын шығаруға негіз қалау үшін беріліп отыр. Ол ең алдымен күріштің өзіндік құнын төмендетуге бағытталуы тиіс. Жалпы, қызылордалық институттың ғалымдары алдағы 2012-2013 жылдары жалғыз күріш қана емес, дақылдың барлық түрлері бойынша жаңа тұқымдар даярлауға жегілмекші.