«Аралтұзда» тұтынушыларға сапалы өнім жет­кізуге баса назар аударылуда

ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) -  Еліміздің кезінде ас тұзының 70 пайызына жуығын өндірген «Аралтұз» акционерлік қо­ғамы қазірде осы биікті ұстап тұруға, отандық тұтынушыларға сапалы өнім жет­кізуге баса назар аударылуда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Соңғы жылдары кәсіп­орында өнді­ріске жаңа технологиялар енгі­зіліп, байыту фабрикасы іске қосылып, цех­тарға заманауи жабдықтар мен қондырғылар орнатылуда. Өнім өңдеу жұмыстарының сапасы артып келеді. Ас тұзының сан алуан ассор­тиментіне көңіл бөлініп, оны сатып алушыға қолайлы болу жағдайы қарас­ты­рылуда. Осы мақсатта 250 грамнан бастап, түрлі салмақтағы қалта­ланған және қапталған ас тұзы шығарылады. Қазіргі таңда сауда орындарына әсем безен­дірілген қораптағы өнімдер де жеткізіле бастады. Қоғам отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге бағытталған шараларға да үлкен сенім артып отыр.

Соңғы жаңалықтар