Ардагерлерге құрмет жалғасуда - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Ардагерін ардақтаған ел азбайды. 2015 жыл - ТМД елдерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және Ардагерлер жылы болып жарияланғаны белгілі.
None
None

Осыған орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қолдау көрсету бойынша жалпыұлттық шара жалғасуда. Қазалы ауданының әкімі Бақыт Жақанов пен бір топ белсенді жастар шалғай елдімекендердегі (Кәукей, Бекарыстан би, Түктібаев, Басықара ауылдарындағы) ҰОС ардагерлерінің шаңырағында болды. Олар ардагерлерді ұлы мерекемен құттықтап, арнайы сый-сияпаттарын табыстады, деп хабарлады Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Аудан басшысы ардагерлермен хал-жағдайлары мен көңіл-күйлері жайында әңгімелесті. Ардагерлер өз ризашылықтарын білдіріп, құрметтері үшін алғыстарын айтты.

Соңғы жаңалықтар