Аргентина құрамасының жеңілісі Буэнос-Айрестегі тәртіпсіздіктерге ұласты
АСТАНА. KAZINFORM — Аргентина құрамасының әлем чемпионатының финалындағы жеңілісінен кейін Буэнос-Айресте жаппай тәртіпсіздіктер басталды, деп хабарлайды The Business Standard.
Аргентина астанасындағы футбол салтанаттарының дәстүрлі орны — Буэнос-Айрес орталығындағы Обелискке мыңдаған жанкүйер финалдық матчты көру үшін жиналды.
Алғашында матчты тыныш бақылаған жанкүйерлер, түн ортасы ауғанда ескерткіш маңындағы қауіпсіздік қоршауын бұзып өтуге тырысты.
🚨 #ALERTA | La policía dispersa a las personas en medio de disturbios en el Obelisco de Buenos Aires, Argentina. Hay 12 detenidos. pic.twitter.com/3eCjSziLae
— Mundo en Conflicto 🌎 (@MundoEConflicto) July 20, 2026
Кейбір наразылық білдірушілер полицияға шыны бөтелке мен басқа да заттар лақтырып, соңы ушығып кетті. Құқық қорғау органдары жиналғандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды.
Қақтығыс салдарынан полиция кем дегенде 15 адамды ұстады. Бірнеше адам жарақат алды.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңіліп, әлем чемпионатының титулын қорғай алмады.