Аргентинада президент сайлауында оңшыл саясаткер Хавьер Милей жеңіске жетті

аргентина
Фото: Gustavo Gavotti/infobae.com/

Аргентинадағы президент сайлауының екінші турында фаворит саналмаған әсіреоңшыл саясаткер Хавьер Милей күтпеген жерден 56 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.

Оның қарсыласы — Экономика министрі Серхио Масса жеңілгенін мойындап, жаңа басшыға сәттілік тіледі.

«Әрине, нәтиже біз күткендей болмады. Хавьер Милейді құттықтап, оған сәттілік тілеу үшін хабарластым, өйткені ол — аргентиналықтардың басым бөлігі келесі төрт жылға сайлаған президент», — деді Масса.

Милей «АҚШ долларын қалдырып, ұлттық валюта-  песодан бас тартуға» және «инфляция қатерлі ісігін» тоқтату үшін орталық банкті өртеп жіберуге шақырды. 

Ол абортқа, атыс қаруын алып жүруге қарсылық білдіріп, Аргентинаның негізгі сауда серіктестері — Қытай және Бразилиямен қарым-қатынасты үзуге уәде берді.

Сондай-ақ әскери диктатура құрбандары көп болғанына күмән келтіріп, климаттың өзгеруі адам әрекетінен туындайды дегенді жоққа шығарды.

Соңғы жаңалықтар