Аргентинаның Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясын ашу мүмкіндігі талқыланды

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Аргентина Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Эдуардо Суаинмен кездесті, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Аргентинаның Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясын ашу мүмкіндігі талқыланды

Тараптар қазақстандық-аргентиналық саяси және экономикалық ынтымақтастықты, энергетика және ауылшаруашылық салаларында өзара іс-қимылдарды дамытудың болашағын талқылады.

Сонымен бірге, кездесу барысында Аргентинаның Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясын ашу мүмкіндігі талқыланды.