Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Арқалық әуежайына IATA халықаралық коды ресми түрде берілді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.

Арқалық қаласының әуежайына IATA халықаралық коды - AYK ресми түрде берілді   Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.  Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын AYK ресми кодын берді.  Аталған код бірегей болып табылады және Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуебилеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.
Фото: Көлік министрлігі

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын AYK ресми кодын берді.

Аталған код бірегей болып есептеледі және Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуебилеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін Арқалық әуежайы алғашқы рейсті қабылдауға дайындалып жатқаны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ Балқаш әуежайы қайта ашылғалы 85 рейс орындалғанын хабарлағанбыз.