Арқалықта мектеп ғимаратындағы өрт сөндірілді
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM – Қостанай облысының Арқалық қаласында № 5 орта мектептің төрт қабатты ғимаратының шатырынан өрт шықты.
Хабарлама түскеннен кейін 3 минут ішінде оқиға орнына алғашқы бөлімше жетті. Келген кезде ғимарат шатырының алдын ала 1100 шаршы метр аумақта ашық жалынмен жанып жатқаны байқалды.
Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру кезінде аумағы 1100 шаршы метр, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетелік Арқалықта мектептің шатыры өртенгені туралы жазған едік.