Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Арлан Жаңабай триатлоннан Азия кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды.

Арлан Жаңабай
Фото: ҚР ҰОК

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы 01:47:07 нәтижесімен екінші орынға ие болды. Бірінші орынды бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Роман Минеев (01:46:38) иеленді. Ал жапониялық Рен Сато (01:47:23) мәреге үшінші болып жетті.

Темірлан Теміров тоғызыншы, Дарын Қонысбаев 12-орын, Елмұрат Қанай 23-орын, Максим Шмулич 29-орын, Алинаби Маралбеков 35-орын алды.

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы сапындағы үздік нәтижені Диана Ержанова көрсетті. Ол 02:14:43 нәтижесімен сегізінші орынға ие болды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Арина Шульгина 12-орын, Аида Ким 13-орын алды.

Айта кетейік, Самат Смақов «Атырау» командасы тізгінін ұстады.