Арман Исағалиев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды
АСТАНА.KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1994-1995 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің оқытушысы.
1995-1999 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері.
2000-2004 жж. Қазақстан Республикасының Египет Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.
2004-2006 жж. Бизнес құрылымдарындағы жұмыс.
2008-2011 жж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі.
2011-2014 жж.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі.
2014-2017 жж. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы.
2017-2020 жж. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2019–2020 жж. Қазақстан Республикасының Алжир Халықтық-Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушысы. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.
Айта кетейік, осыған дейін Ммлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдегі елшіні ауыстырған болатын.