Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Армения Әзербайжанмен екіжақты сауда-саттықты жандандырмақ

АСТАНА. KAZINFORM — Армения үкіметі Әзербайжанмен бейбіт қарым-қатынасты нығайта түсу үшін екіжақты сауда-саттықты және іскерлік байланыстарды қайта жандандыруға ынталы. Оны Армения үкіметінің 2026-2031 жылдарға арналған бағдарлама жобасынан аңғаруға болады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің өңірдегі меншікті тілшісі.

Армения намерена активизировать двустороннюю торговлю с Азербайджаном
Фото: Oxu.az

Бұл құжат 20 тамызда өтетін Армения үкіметі отырысының күн тәртібіне «Армения Республикасы Үкіметінің бағдарламасы туралы» деген атаумен енгізілген. Электрондық үкіметтің ресми порталында бағдарламаның жобасы, негіздемелері және қосымшалары жарияланған.

Бағдарлама жобасына сай, бейбіт қарым-қатынасты институционалдық тұрғыдан бекіту және нығайту мақсатында ел үкіметі Армения мен Әзербайжан арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы келісімге қол қою және оны ратификациялау жұмысын, мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау процесін жалғастырады, сондай-ақ екі елдің азаматтық қоғамдары мен іскер топтары арасындағы байланыстарды және екіжақты сауда-саттықты жандандырады.

Бұл ретте құжатта екіжақты сауданың нақты басталу уақыты немесе көлемі туралы, болмаса сауда-саттыққа шығарылатын тауарлардың түрлері туралы ақпарат көрсетілмеген.

Бұған дейін Арменияның Әзербайжанға тауар экспорттауға дайындалып жатқаны туралы хабарланған болатын.

Райхан Рахметова