«Арна Медиа» ақпараттық холдингі кореялық әріптестерін қабылдады
Корейлік журналистер сапарының басты мақсаты - Қазақстанның масс-медиаларымен іскерлік байланыстарлы кеңейту. Корей холдингі «Samsung» концернінің қатысуымен 1965 жылы құрылған болатын. Оның құрамына 13 журнал, 4 мамандандырылған телеарна және сонша желілік ресурстар, сондай-ақ 5 газет кіреді, оның ішінде, корейлік әріптестердің айтуынша, елдің әрбір бесінші тұрғыны оқитын «Чунан ильбо» газеті де бар. JMNet холдингінің орташа жылдық айналымы 1 миллиард доллардан асады.
Ерлан Байжанов, бұқаралық ақпарат құралдарының холдингтерге бірігуінің әлемдік үрдісі Қазақстанды да айналып өтпегенін атап көрсетті. «Біздің елімізде бірнеше холдинг бар, «Арна Медиа» - солардың ең үлкені. Оған Қазақстанның негізгі мемлекеттік медиаресурстары, сондай-ақ Ұлттық телехабарлар тарату жүйесі біріктірілген»,- деді Байжанов мырза.
Ұлттық холдингтің басшысы «Арна Медиа» компаниялар тобының негізгі басымдықты қызметі туралы әңгімелеп берді және жұмыста корпоративтік басқарудың үздік стандарттарын енгізуге және мемлекеттік медианың бәсекеге қабілеттігін арттыруға басымдық беріліп отырғанын атап көрсетті. «Осыған байланысты біз медиалық бизнесті жүргізудің тәжірибесімен және корейлік холдингтің алдыңғы қатарға шығу жетістігімен танысуға ықыластымыз», деді «Арна Медиа» басқармасының төрағасы.
Кездесуде екі холдингтің арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде мамандарды тәжірибеден өткізу, ақпараттық өнімдермен алмасу, әлеуетті бірлескен жобалар талқыланды.