«АрнайыМонтажҚұрылыс» ЖШС директоры салық төлеуден жалтарғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды
ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қалалық сотының үкімімен «АрнайыМонтажҚұрылыс» ЖШС директоры А.Досаев салық төлеуден жалтарғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын түзеу колониясының жалпы режімінде өтейтін болып белгіленді.
Директор өзі басқаратын мекеменің бухгалтерлік және салық есептерін қасақана бұзып жүргізген. Сөйтіп, міндетті түрде тапсырылуға жататын декларацияға жалған мәліметтер енгізіп, 2007-2009 жылдар аралығында бюджетке 63,2 млн. теңге көлемінде қосымша құн мен міндетті салықтарды төлемеген. Бұл өз кезегінде мемлекетке ірі мөлшерде залал келтіруге апарып соқтырған.