«АрселорМиттал Теміртау» ісі: 1,8 млрд теңгеге шығын келтірген күдікті қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржылық мониторинг агенттігі «АрселорМитталТеміртау» АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша «АлбаСтройДор» ЖШС-нің директоры С. Г. Кимге қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 

арест
Фото: polisia.kz

— 2015 жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған.

Алайда Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған. Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы «Күзет» ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.

Ұрланған мүлікті Ким өз бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырған, — делінген ҚМА хабарламасында.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.

Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Айта кетелік Балқашта теміржолдан 32 тонна катодты мыс ұрлаған қылмыстық топ сотталған еді

Соңғы жаңалықтар