Артур Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Артур Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Артур Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болды

Артур Нығметов -  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  (2007 ж.), Мәскеу саяси зерттеулер мектебінің  (2008 ж.) түлегі.   SIPU International - шведтік мемлекеттік және муниципальдық басқармасында тағылымдамадан өткен.

Жеке коммерциялық телевидениеде жаңалықтар қызметінің редакторы, авторы, телебағдарлама жүргізушісі болды. Медиалық технология орталығының директоры, «Нұр Отан» қоғамдық саяси партиясы институтының қолдауымен  «SarapTime» сарапшылық клубының басшысы болған.

2015 жылғы тамызда Алматы қаласы әкімнің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды.