17:26, 01 Қаңтар 2026 | GMT +5
Аружан Сағындықова Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 21 жастағы Аружан Сағындықова жұптық сында Ахмедабад (Үндістан) ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты.
Доданың 2-ракеткалары А.Сағындықова – ресейлік Мария Головина ширек финалда таиландтықтар Лунда Кунхом – Танучапорн Йонгмодқа тап келді.
Бірінші партия 6:2 есебімен Аружан мен Марияның пайдасына шешілді. Екінші сетте де олар басымдылық танытты - 7:5.
Қазақстандық-ресейлік дуэт финалға шығу үшін үндістандықтар Иенси Дипакай Канабар - Ангел Пателмен таласады.
Олар үндістандықтар Сонай Патил – Бела Тамханкарды жолдан тайдырды - 6:2, 6:3.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аружан Сағындықованың Үндістандағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған едік.