09:47, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Арылу» қоғамдық қоры Қызылорда филиалының ұйымдастыруымен арнайы кеш өткізді
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласында «Арылу» қоғамдық қоры Қызылорда филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың саулығы - қоғамның байлығы» атты кеш болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған қаладағы бірқатар мектептердің көңілділер мен тапқыштар командалары қатысты. Жас өнерпаздар салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбын қамтыды.
Жеңімпаздарға «Арылу» қоғамдық қоры Қызылорда филиалының сыйлықтары табыс етілді.