Аса ауылының темір жол өткелінде шетелдік маркалы көлік тепловозбен қақтығысып қалды - Жамбыл облысы
ТАРАЗ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жамбыл ауданының Аса ауылында темір жол өткелінде «Nissan Patrol» автокөлігі тепловозбен қақтығысып қалды,
деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
«54 жастағы Тараз тұрғыны «Nissan Patrol» автокөлігімен Аса ауылынан Таразға қарай бара жатқан. Осындағы темір жол өткелінде көлік руліне ие бола алмай, 29 жастағы машинист басқарып келе жатқан тепловозбен соқтығысқан, делінген ведомствоның хабарламасында.
ЖКО салдарынан Жамбыл ауданының Аса ауылында жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.