Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Асабалардың кәсіби әдебін кім бақылауы керек — министрлік жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі асабалар мен мәдени іс-шара жүргізушілерінің кәсіби әдебіне кім жауапты екенін түсіндірді. 

Асабалардың кәсіби әдебін кім бақылауы керек — министрлік жауап берді
Фото: Kazinform/ЖИ

Ақпарат комитетінің төрағасы Әлішер Мұқажанның айтуынша, мәдени іс-шараларды жүргізушілердің, оның ішінде асабалардың кәсіби этикасы мен өзін-өзі реттеу мәселесі тиісті кәсіби орта мен іс-шараны ұйымдастырушылардың жауапкершілігі аясында қаралады.

— Қоғамдық әдеп мәселесін тек әкімшілік шектеулер арқылы реттеу жеткіліксіз. Бұл ретте контент өндірушілердің, медиа және мәдениет саласы өкілдерінің кәсіби жауапкершілігін арттыру, өзін-өзі реттеу институттарын дамыту және қоғамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру маңызды, — деді спикер.

Сондай-ақ ол министрлік ақпараттық мәдениетті арттыру, цифрлық кеңістікте жауапты мінез-құлық қалыптастыру және ақпаратты қауіпсіз пайдалану бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті асабалар мен әншілерге салық салуға қатысты түсінік берген еді.