Әсет Исекешев Астана-Теміртау күре жолының құрылыс барысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Астана-Теміртау автожолында жүргізіліп жатқан жаңарту жұмыстарының барысымен танысты және осы жобаның мердігер мекемелерінің басшыларымен көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты.
None
None

Астана-Теміртау автожолының ұзындығы - 171 шақырым. Жоба бойынша ол 1-ші санаттағы 4 қатарлы бетонды жолға ауыстырылады.

«Автожолдағы құрылыс жұмыстары 2013 жылы ұзындығы 22 шақырымдық 2 учаскеде басталған болатын. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 109 шақырымдық 5 учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 5 мердігер мекеме іс атқаруда, жол-құрылыс техникасының 640 бірлігі, 5 бетон төсеу кешені мен 5 зауыт жұмылдырылған. 1 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде тағы екі учаскеде мердігерлер анықталып, автожол түгелдей құрылыс жұмыстарымен қамтылатын болады», - делінген хабарламада.

Жылдың аяғына қарай алғашқы 12 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жобаны аяқтау толығымен 2016 жылға жоспарланған. Кеңес қорытындылары бойынша Әсет Исекешев жұмыс қарқынын ұлғайтуды, сапа бақылауын қатаңдатуды және бүкіл учаске бойынша қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуді тапсырды.


 

Соңғы жаңалықтар