Әсет Исекешев Шығыс Қазақстан облысы активімен кездеседі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде облыс активінің ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен кездесуі күтілуде.

Әсет Исекешев Шығыс Қазақстан облысы активімен кездеседі

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, активпен кездесу алдында Ә.Исекешев толық циклды «Азия Авто Қазақстан» АҚ автокөлік зауытының құрылыс алаңдарында, « ПОСУК Титаниум» БК ЖШС, сонымен бірге «Айтас МП» ЖШС-де болады.

Облыс активімен өтетін кездесу барысында ҚР Президентінің елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша Жолдауда жүктеген міндеттерін талқылау жоспарлануда. Сонымен бірге, елдің индустриялық ведомство басшысының қатысуымен туризм және жер қойнауын пайдалану бағытында екі меморандумға қол қою көзделіп отыр.