Асфальт-бетон зауытын өндіріске қосудың алғышарттары жасалды
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қазалы жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қытай елінен сатып алынған «L-80» маркалы асфальт-бетон зауытын өндіріске қосудың алғышарттарын жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл қондырғы сағатына 80 тонна өнім өндіреді. Серіктестік аудан көлеміндегі автомобиль жолдарын күрделі және ағымдағы орташа жөндеу жұмыстарымен айналысады. Осы бағытта он жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан құрылымға жаңадан 6 адам жұмысқа қабылданды.