Ашғабадта ҚР Елшісі Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары М.Язмұхаммедовамен кездесті

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат – Ашғабадта Қазақстан Республикасының Елшісі Асхат Оразбай Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Майса Язмұхаммедовамен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесудің барысында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды. Түрікмен вице-премьері екі ел арасындағы осы саладағы байланыстардың жандана түскенін қанағаттанғандықпен атап өтті. Атап айтқанда 2009 жылдың көктемінде Түрікменстанда Қазақстан мәдениеті күндерін өткізу және оған дайындық мәселесі талқыланды. Тараптар бауырлас екі мемлекеттердің өмірінде болып жатқан оқиғалар туралы қоғамның хабарлар болуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан мен Түрікменстанның ақпараттық құрылымдары арасында неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуға ынта білдірді.
Соңғы жаңалықтар