Ашық суда жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

АСТАНА. KAZINFORM — Ашық суда жүзуден Аргентинаның Санта-Фе қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.

Ашық суда жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Фото: ҚР ҰОК

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын бес спортшы қорғайды:

  • Саида Елемес;
  • Ярослав Губарев;
  • Тимофей Лебедев;
  • Руслан Максимов;
  • Дарина Сысоева.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 3-6 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыс бағдарламасына 5, 7,5 және 10 шақырымдық қашықтықтар, 3 шақырымдық нокаут-спринт, сондай-ақ аралас эстафеталар енгізілген.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстан велотректен Азия кубогында бес алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.