Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау қағидаларына өзгеріс енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM – Отандық өндірушілерді қолдау және асыл тұқымды мал сатып алу кезіндегі қаржылық жүктемені азайту мақсатында саланы субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды АШМ.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, отандық және импорттық асыл тұқымды мал сатып алуға берілетін субсидиялар нормативтері қолданыстағы мөлшерден 75 пайызға арттырылды.
Құжат 2025 жылғы 20 қарашада № 37444 тіркеу нөмірімен ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.
Нормативтік құқықтық акт 2025 жылғы 24 қарашада ҚР нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің сайтында электрондық түрде жарияланып, 2025 жылғы 5 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, бұған дейін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Игілік» бағдарламасы басталатыны хабарланған болатын.