Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Асылжан Арыстанбекова екінші рет қатарынан Астана турнирінде топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 905-ракеткасы, 20 жастағы Асылжан Арыстанбекова Астанада мәресіне жеткен ITF W15 турнирінде жеңімпаз атанды.

Асылжан Арыстанбекова
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 723-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, жапониялық Харуна Аракавамен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Екі сет те 6:2 есебімен Асылжанның пайдасына шешілді.

Осылайша, Асылжан Арыстанбекова Астана додасында екінші рет қатарынан үздік шықты. 
Қазақстандық теннисші осы табысы нәтижесінде қазіргі кезде WTA Live-рейтингісінде бірден 733-орынға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Асылжан Арыстанбекованың екінші рет Астана турнирінің финалына өткенін жазған едік.