Әскер барысы Марат Байқамұров «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы белгілі болды. 

Марат Байкамуров стал победителем турнира «Қазақстан Барысы - 2025»
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев финалдық белдесуде әскер барысы Марат Байқамұровпен белдесті. 

Ақтық белдесудің екінші минутында Марат қарсыласының осал тұсын тауып, таза жеңіске қол жеткізді.

Марат Байкамуров стал победителем турнира «Қазақстан Барысы - 2025»
Фото: Kazinform

Айта кетейік, Ерасыл жартылай финалда турнирдің басты фавариты саналған «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет Жарылғаповты жарыс жолынан шығарды. Ал Марат Ақтөбе облысының өкілі Ерасыл Амангелдіні сан соқтырды. 

Үшінші орын үшін белдесуде, «Қара бура» Ақтөбе облысының өкілі Ерасыл Амангелдіні таза жеңді. Осылайша, Нұрдәулет «Қазақстан барысы» жобасының үш дүркін қола жүлдегері атағына қол жеткізді.

Бұған дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Республика күніне орай «Қазақстан Барысы – 2025» турнирі өтіп жатқанын жазғанбыз. 

Марат Байкамуров стал победителем турнира «Қазақстан Барысы - 2025»
Фото: Kazinform
Марат Байкамуров стал победителем турнира «Қазақстан Барысы - 2025»
Фото: Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар