Астана, Алматы және Шымкентте алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет баспасөз қызметі Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарына 2, 3 және 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

зима, погода, ауа райы, қыз, гололед, буран, метель
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Астана қаласындағы ауа райы болжамы

2 қаңтар күні бұлтты, күндіз аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –15…–17°С, күндіз –7…–9°С.

3 қаңтар күні бұлтты, аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –8…–10°С, күндіз –1…–3°С.

4 қаңтар күні бұлтты, қар жауып, боран соғады. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз –10…–12°С.

Алматы қаласындағы ауа райы болжамы

2 қаңтар күні бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Тұман түсіп, жолда көктайғақ болады. Жел екпіні солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0…–2°С, күндіз +2…+4°С.

3 қаңтар күні  күн бұлтты болады, бірақ жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –1…–3°С, күндіз +4…+6°С.

4 қаңтар күні бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы болады. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –2…–4°С, күндіз +2…+4°С.

Шымкент қаласындағы ауа райы болжамы

2 қаңтарда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°С, күндіз +7…+9°С.

3 қаңтарда бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +8…+10°С.

4 қаңтарда бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман басады. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°С, күндіз 0…+2°С.

Айта кетелік 1 қаңтарда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар