Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Астана-Арқау» фестивалінде кімдер өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі мәдениетін жоғары бағалайтын өнер сүйер қауым мен саф өнерді кеңінен насихаттайтын орындаушылардың басын қосатын «Астана-Арқау» дәстүрлі түркі музыкасы фестивалі елорда күніне орай ұйымдастырылып отыр.

«Астана-Арқау» фестивалінде кімдер өнер көрсетеді

Шарада Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Моңғолия, Қытай, т.б. елдерден келген өнерпаздар  ән-жырдан шашу шашады.

null

Фестиваль 2 күнге жалғасады. 3 шілде күні жыршы Алмас Алматов, алтайлық көмей, комус, топшуур Чейнеш Байтушкина, әнші Гүлмира Сарина, күйші Жұмабек Қадырқұлов, Ираннан келген копуз Манучеер Наджахи, әнші Ақмарал Ерімбетова, башқұрт қурайшысы Нұрғали Қайықбердин, күйші Болат Тәкішев, өзбекстандық жыршы Махаммад Ешбоев, қобызшы Мақпал Манасбаева, жыршы Серік Жақсұғылов, Қырғызстаннан келген әнші  Назира Токонова, күйші Едіге Нәбиев, әнші Дүйсенбек Өмірәлі өнер көрсетеді.

null

4 шілдеде күйші Сержан Шәкіратов, Түркиялық сарыюрюк, шура Emre Dayioglu, күйші Айгүл Үлкенбаева, әнші Еркін Шүкіманов, күйші Саян  Ақмолда, құмықтық жыршы Зуганат Чунаева, күйші Жанғали Жүзбай, Тывадан келген өнерпаз Николай Ооржак, әнші Клара Төленбаева, монғолиялық сыбызғышы Бауыржан Мұхаметбай, әзербайжандық Arslan Novrasli, Kamran Karimov, Nurlan Novrasli, әнші Жанаргүл Сәркенова, Қытайдан келген салор, әнші,сыбызғышы Han Zhanwu, әнші Ерлан Рысқали, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі және тағы басқа қазақтың дәстүрлі музыкасының хас шеберлері ән-жырмен сусындатады.

null

nullnull

Ғасырлар тереңінен тамыр тартқан төл өнер дәріптелетін іс-шараны 3-4 шілде аралығында «Астана Опера» опера және балет театрында тамашалауға болады . Концерттің басталуы сағат 19.00-де. Билетті театрдың сайтынан сатып алуға болады.