«Астана Аруы - 2012» атағына үміткер қыздар өздерінің біркүндік табыстарын операцияға зәру балаларға аударады

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Ұйымдастырушылар «Астана Аруы - 2012» байқауын тағы бір кезеңмен толықтырды, деп хабарланды www.astana.kz сайтында.
None
None

Байқаудың директоры Гүлнәр Жүнісованың мәлімдеуінше, енді қатысушыларды қала балабақшаларында және сауда орталықтарында жұмыс істеу кезеңі күтіп тұр.

«Күндізгі табыс ота жасатуға мұқтаж мүгедек балалардың шоттарына аударылатын болады», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Биылғы жылы «Астана Аруы - 2012» байқауының ұйымдастырушылары жобаның әлеуметтік мәртебесіне үлкен назар аударды. Бұған дейін, Халықаралық қарттар күнінде байқауға қатысушы қыздар Қарттар үйіне барып, ондағы тұрғындарға теледидар сыйлады. Бойжеткендер спартакиада қатысушылары - мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау білдірді, сондай-ақ суретшілерге балалар суреті байқауында қолғабыс етті.

Соңғы жаңалықтар