Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қазір әуежайда күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасты — мұзды жаңбыр жауып тұр. Осыған байланысты ұшып келуі тиіс 11 рейс, ұшып кетуі тиіс 4 рейс кешіктіріліп, 1 рейс тоқтатылған.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының мәліметінше, әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Рейстер бойынша қазіргі жағдай мынадай:
Ұшып келуге:
- Кешіктірілгені — 11 рейс
- Тоқтатылғаны — 1 рейс (ауа райы жағдайына байланысты)
Ұшуға:
- Кешіктірілгені — 4 рейс
— Кідірістердің негізгі себебі — қолайсыз ауа райына байланысты әуе кемелерінің кешігіп келуі. Жолаушылардан онлайн-таблоны, әуе компанияларының ресми ақпаратын және терминалдағы хабарландыруларды қадағалап отыруды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, — делінген әуежай таратқан ақпаратта.
Бұдан бұрын «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлаған еді.