Астана әуежайы қалыпты жұмысына оралды

«Сағат түнгі 12-ден бастап елорда әуежайы шаттық режимде жұмыс істеп тұр. Рейстер кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде. Ұшып келу, ұшып шығу және кешіктірілу туралы толық ақпаратты әуежайдың анықтама қызметінен және авиакомпаниялардың call-орталықтарынан білуге болады.
Сондай-ақ әуежайдың ұшып-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Жолаушыларымызды әуежайға уақытылы келуді сұраймыз. Жолда абай болыңыздар!», - деді Ә.Шалекенов.
Еске салайық, кеше кешке қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуі себебімен елорда әуежайының қызметі тоқтатылған болатын.
29 наурыз күні сағат 19:00-ден бастап қалада екпінді жел мен қалың қарға байланысты ескерту жарияланды. Қаладан шығатын барлық автожолдар жабылды. ҚР Төтенше жағдайлар департаменті шедел штаб құрды.
Сондай-ақ күшті жел Алматы халықаралық әуежайында ұшақты орнынан қозғап жібергенін жазған болатынбыз.