ТЖД: Елордада қатты бұрқасынға байланысты жетел штаб құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада күн райының бұзылуына байланысты (боран, күшті жел, жолдың нашар көрінуі, көктайғақ) барлық 6 республикалық және облыстық маңызы бар автожол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-да жолдарда төтенше жағдайларды жою жөніндегі жедел штаб құрылды, жедел телефон желісі ашылды. Барлық бағыттар бойынша азаматтар мен автокөліктерді эвакуациялауды жүзеге асыратын жоғары өтімді техника (Кунг, Трэкол) шықты. Жол полициясымен бірге автокөліктердің өтуіне жол бермеу үшін бекеттер қойылды.

Қазіргі уақытта қала бойынша аялдамаларда автобус күтіп тұрған азаматтарды жеткізу үшін 25 жергілікті вахта жұмыс істейді.

Блок-бекеттерде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері ПД және жол иелерімен бірлесіп тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы ж еке құрамнан 26 адам және 8 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖД елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шықпауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі мен енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді.

«Жел күшейген кезде ғимараттардан шығуға шектеуге кеңес береміз. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды. Егер сізді көшеде қатты жел соғып қалса, жерасты өткелдеріне немесе ғимараттардың кіреберістеріне тығылуға кеңес береміз. Үйлердің қабырғаларына қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдары құлауы мүмкін.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112»телефонына қоңырау шалыңыз!» делінген ескерту хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар