Астана - бұл мемлекеттік қуаттың сәулеттік көрінісі - Елбасы

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алтыншы қазына - еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің бойтұмары, әсем қаламыз - Астана. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Астана - бұл мемлекеттік қуаттың сәулеттік көрінісі - Елбасы

«Бүгінде Астана - бұл мемлекеттік қуаттың сәулеттік көрінісі, сәулеттік түрде қалыптасқан музыка. Елорданың жаңа орамдары мен алаңдарында айнадағы секілді біздің Тәуелсіздіктің Ұлы тарихы көрініс табады»,-деді Президент.

Мемлекет басшысы салтанатты жиында Тәуелсіздіктің тартуы ретінде халқымыз Жеті қазынаға ие болғанын атап өтті. Бірінші қазына - Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап жатқан, еркін көсілген біздің Мәңгілік Еліміз, екінші қазына - ел бірлігі, үшінші қазына - Тәуелсіздікпен бірге түлеген төл мәдениетіміз бен туған тіліміз, төртінші қазына - индустриялды-инновациялық экономика, бесінші қазына - ұлттық байлығымыздың негізі Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы екенін жеткізді.