«Астана» ХҚО сот қызметкерлері Ұлыбританияға оқуға жіберіледі

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні бағдарлама алдында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша жаңа міндеттер тұр.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында 70-қадамға сәйкес АҚШ пен Ұлыбританияға тағылымдамаға «Астана» халықаралық қаржы орталығының бір топ қызметкерлері жіберіліп, жақын уақытта 24-қадамға сәйкес Ұлыбританияға «Астана» ХҚО халықаралық төрелік орталығын құруға тартылған сот қызметкерлері мен судьялар жіберілетін болады», - деді Бибігүл Асылова.
Ал «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Жанболат Мелдешовтің атап өтуінше, 23 жыл ішінде «Болашақ» стипендиясы аясында ұлттық экономиканың түрлі салалары үшін 9 339 маман даярланды. Олардың арасында 2 000-нан аса инженер, 2 000-ға жуық мектеп және жоғары оқу орындарының өкілдері, ел өңірлеріне арналған 600 дәрігер, 400 мемлекеттік қызметші, 200 шығармашылық саласының қызметкері және 2 000-нан аса ұлттық және жеке компания мамандары бар.
«Мемлекет басшысы қазақстандық ұлттың жоғары біліктілігінің мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы екендігін бірнеше рет атап өткен болатын. «Болашақ» бағдарламасы жиырма жылдан аса уақыттан бері заманауи жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім флагманы бола отырып, жоғары білімді ұлттың қалыптасуына өзінің айтарлықтай үлесін қосып келеді. Түлектердің 100 пайызы жұмысқа орналастырылды десек те болады. Биыл 544 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды», - деді ол.