17:05, 05 Ақпан 2026 | GMT +5
Астанадан Щучинск қаласына дейін көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM — Ақмола облысында ауа райына байланысты республикалық жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
— 2026 жылғы 5 ақпан сағат 17:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Жолды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 09:00–де ашу жоспарланған, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұдан бұрын ҚазАвтоЖол қолайсыз ауа райында ақылы жол ақысы арзандамайтынын мәлім еткен еді.