Астана қаласының маңына қатынайтын 11 автобус қозғалысын тоқтатты

Күн райының нашарлауынан елорда маңындағы елді мекендерге баратын қоғамдық көліктер рейстен алынды, деп хабарлайды Кazinform.

автобус
Фото: Kazinform

«22 желтоқсан, сағат 05:15-ке өзекті ақпарат: ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына жүретін өзге автобустар линияда», - делінген "City Transportation Systems" ЖШС мәліметінде.

Айта кетейік, синоптиктер 13 өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Астанада қар жауып, тұман түседі. 

 

Соңғы жаңалықтар