Астана қаласы және Ақмола облысында күн 35 градусқа дейін ысиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Астана қаласы және Ақмола облысында қатты ыстық болатындығын ескертеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
30 маусым күні күндіз Ақмола облысы мен Астанада қатты ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.