Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында жүк көлігі жол өткеліне соғылды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана — Қарағанды — Алматы автожолында экскаватор тиелген трал тіркемесі бар жүк көлігі жол өткеліне соғылды.

Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында жүк көлігі жол өткеліне соғылды
Видеодан алынған кадр

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 7 қыркүйек сағат 14:20 шамасында аталған автожолдың 165-шақырымында, Ақтау жол өткелі маңында болған.

Апат салдарынан жол өткелінің конструкциясы механикалық зақымданған. 

— Қазіргі уақытта мамандар нысанның техникалық жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүк көлігі жол өткелінің астындағы бетон қоршауға соғылғанын хабарлаған едік.