Астана күні: елорда туралы 20 қызықты дерек

АСТАНА. KAZINFORM — Астана күніне орай Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі еліміздің бас қаласы туралы 20 қызықты деректі ұсынды.

Астана
Фото: Kazinform

1. Халық саны — 1 674 699 адам (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша). 

люди, ту, флаг, патриот
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

2. Әйелдер саны ерлерге қарағанда көп: 884 029 әйел, 790 670 ер адам.

3. Қазақстан бойынша 26 адамның есімі — Астана.

4. 2025 жылы Астанада 27,4 мың сәби дүниеге келді.

Қазақстанда сәби өлімі 19,3% — ға төмендеді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

5. 18 жасқа дейінгі балалар саны — 545 мың: оның ішінде 280 мыңы — ұл, 265 мыңы — қыз (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).

6. 2026 жылдың алғашқы 5 айында елордада 3 469-дан астам неке тіркелді.

үйлену
Фото: "Азаматтарға арналған үкіметі" мемлекеттік корпорациясы СҚОФ

7. 2025 жылғы қартаю индексі — 22,9 (100 балаға шаққандағы 65 жастан асқан қарттардың саны).

8. Астана тұрғынының орташа жасы — 30,9 жас (2026 жылдың басындағы жағдай бойынша).

9. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 78,8 жас (2025 жылғы көрсеткіш).

Қария
Фото: Kazinform

10. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны — 274 285 (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

11. Құрылыс саласындағы компаниялар саны — 18,5 мың (Қазақстан бойынша 1-орын).

12. Елордада 576 мың пәтер бар (2025 жыл).

13. Қоғамдық тамақтану нысандарының саны — 6 819 (Қазақстан бойынша Алматыдан кейінгі 2-орын). Оның ішінде: заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары — 2 241; жеке кәсіпкерлік субъектілері — 4 578.

рестораны и кафе
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

14. Қалада 31 театр жұмыс істейді.

15. 5 музей бар.

16. 35 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.

17. Елордада 24 саябақ орналасқан.

парк
Фото: Акорда

18. Тұрақты интернет абоненттерінің саны — 443,4 мың (2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша).

19. 2026 жылдың І тоқсанында қонақүйлерде 67,9 мың шетелдік турист орналасты.

20. Астанада 6 бес жұлдызды қонақүй бар.

Осыған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауын жариялады.