Астана күнiне орай СҚО-да бiрнеше нысан ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Астана күніне орай СҚО аудандары мен Петропавл қаласында бірнеше мәдени және әлеуметтік нысандар ашылды. Олардың арасында жаңа тұрғын үйлер, балабақша, зауыт, демалыс орны, дәріхана, дәмхана, дүкендер бар. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Еске сала кетейік, таяуда Астана күні қарсаңында облыста «Батыр» тракторын шығаратын зауыт іске қосылған болатын. Сондай-ақ Айыртау ауданында 7 әлеуметтік нысан іске қосылды.

Соның бірі - Саумалкөл ауылындағы газобетонды блоктар өндiретiн зауыт. Кәсiпорын жұмысын жақында ғана бастады. Ал оның салтанатты ашылуы дәл Астана күнiне орайластырылған. Ендi айыртаулықтар газобетонды блоктардың өндiрiс үрдiсiмен танысуда. Мұндағы құрылғылардың барлығы заманауи - толығымен компьютерленген. Соның арқасында бұл жерде күнiне 30 текше метр газобетон шығарылады. Кәсіпорын 12 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сонымен қатар бұл күнi Арықбалық ауылында «Тәуелсiздiк» деп аталатын стадион да ашылды. Оның құрылысына аудан бюджетiнен 4 млн теңге жұмсалған. Ал аудан кәсiпкерлерi көмек есебiнде 1 млн теңгеден астам қаражат бөлiптi.

Айыртау ауданы өңiрде туризм саласымен де ерекшеленедi. Жыл сайын мұнда жаңа демалыс орындары ашылып тұрады. Соның бiрi - «Азиат». Рахия Байтенова бұл орынды «Бизнестiң жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында тұрғызған. Нәзiкжанды 5 жылға 6 млн теңге көлемiнде несие рәсiмдептi. Айту керек, өткен жылы Айыртау ауданының демалыс орындарына шамамен 30 мың адам келiптi.

Бұл ауданда балалар демаласына да көп көңiл бөлiнедi. Мәселен, мынау «Салтанат» сауықтыру орталығы. Мұнда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервiнiң республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжiнiң тәрбиеленушiлерi келедi. Лагерь шамамен 4 жыл жұмыс iстеп тұр.

Соңғы жаңалықтар